«Жоғары білім беру саласындағы көптілділік: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» IV халықаралық семинары

26 Сәуір, 2019 997 0

NewsROOM+. 2019 жылдың 25 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология факультетінің шет тілі кафедрасы «Жоғары білім беру саласындағы көптілділік: сын қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-методикалық семинарын өткізді.

Көптілділік және мәдениетаралық байланыс  саласындағы өзекті сұрақтармен айналысатын мұғалімдер тәжірибе алмасып,  өз баяндамаларымен бөлісті. Қатысушылар арасында Польша, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан ғалымдары бар.

Халықаралық семинарды ашу құрметі бірінші проректор - оқыту мәселесі жөніндегі проректор А.А. Молдажанова, филология факультетінің деканы Жаркынбекова Ш.К және шет тілі кафедрасының жететкшісі п.ғ.к профессор Сағымбаева Д.Е берілді. Олар бүгінгі бас қосуда  аталған тақырып бойынша жобалау, стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтау мәселелерінің шешімі қатар болатынын атап өтті. Сондай-ақ, алғы сөз сөйлеушілердің ойынша, жоғары оқу орындарында студенттерге көптілді білім беру мәдениетаралық байланысты арттырады.

Шетеледік мамандар шет тілдерінің халықаралық қарым-қатынаста орынын ескере отыра, көптілді білім беру және ұлтаралық байланысты жүргізуде өзекті мәселелерді сөз етті.

Lucyna Aleksandrowicz-Pedich (Варшава, Польша) көптілді қоғамды  өзге тілдердің дамуына жоғыры көңіл бөлетін университеттегі көптілділік қарым-қатынастың құзіретті қырларымен бөлісті.

Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университиетінің профессоры, жоғары педогогика мектебі кафедрасының меңгерушісі Асипова Н.А. көпұлттық білім беру және тәрбие саласында  мәдениеттер бірлігі негізінде жастардың басын біріктіру және құндылықтар мен азаматтық көз-қарастарын ортақтастыру мәселесіне тоқталды.

«Бүгінде Қырғызстан Республикасындағы мәдени-әлеуметтік жағдай демократиялық өзгерістерге дайын, әлемде орын алып жатқангуманистік құндықлықтар мен ауқымды өзгерістерге бейім, сондай-ақ, халық ұлттық-мәдени құндылықтарды жаңғырту және сақтап қалуға тырысады»- деді ол.

Ресей Федерациясының жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, профессор Вафеев Р.А білімді интернационалдандыру кезіндегі  ұлттық тілге мән беріп, осы мәселеде орыс-ұлттық билингвизмнің қолдасына көңіл бөлді.

Павлодар мемлекеттік педогогикалық университетінің ф.ғ.д, профессор  Саурбаева Р.Ж. көп тілді қоғамдағы тіл саясаты, тілдік жоспарлау және тілдік білім беру саласының басты ерекшеліктерін талдады. «Тілдің маңызды міндеттерінің бірі байланыс қызметі, бірақ бұл соңғысы емес, себебі тіл қоғамда азаматты әлеуметтендіруші қызметін де атқаралды. Тіл мемлекеттің саясатын қалыптастырушы болғандықтан көпұлтты қоғамда оның басты міндеті ұлтаралық татулық пен ұлттық толлеранттық тәрбие беретін құрал ретінде қабылданады - деді профессор.

Назарбаев университетінің PhD докторы Бриджит Гудман, Назарбаев университетінің докторанты А.Щербаков жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде көптілді білім беру және тіл саясаты саласындағы өз жобаларын таныстырды. Онда тіл саясатының ерекше аспектері қаралып, Қазақстанда көптілді білім беруді дамыту және жүзеге асыру  мәселесі айтылды.

Халықаралық семсинар ұйымдастырушылары шет тілі кафедрасының тарапынан да (кафедра доценті Тусельбаева Ж.А) бір қатар өзекті жобалар таныстырылды. Солардың бірі CLIL әдіс-тәсілдеріне арналыпты. Ол бірікітірілген білім беру саласындағы профильді пән мұғалімдері мен шет тілі мұғалімдері жұмыстарының ерекшеліктерін қарастырып, оның жоғары оқу орындарында қолданылуын талдады. Жоғары оқу орындарындағы CLIL методикасы бойынша мысалдар келтірілді.

 «Көптілділік Л.Н.Гумилев студенттерінің көзімен» атты келесі баяндамада магистрлер, кафедраның аға оқытушылары Тогузбаева Г.М. және Отызбаева К.Ж ЕҰУ-дағы көптілді білім беру саласына тоқталды. Мұғалімдер тарапынан ЕҰУ-нің студенттері мен магистранттары арасында сауалнама жүргізіліп, сауалнаманың қортытынды нәтижесіне талдау жасалды. Баяндамашылар көптілділікті көпмәдениетілікпен салыстырды, яғни өзге ұлт өкілдеріне деген қарым қатынастың тілмен тікелей байланысын алға тартты.

Семинар  қорытындысы қатысушылардың бірыңғай методикалық алаң құру мен көптілділік,  жаһандану және диджитализация саласында берген ұсыныстарымен түйінделді.

Тегтер: семинар, ЕҰУ, IVхалықаралықсеминары

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.