Жаңалықтар

Шымкент: 112 шақырым жолға шағал тас төселеді

Шымкент: 112 шақырым жолға шағал тас төселеді

 width= Оған 259 нысан немесе 416 шақырым жол мен көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 310 шақырымы осы жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қала аумағындағы топырақ жолдың мәселесін шешу мақсатында 112 шақырым жолға шағал тас төселеді. Бірінші кезекте шағал тас жолдарға асфальт төсеуге және магистралды көшелердегі жолаушылар ағыны көп, көлік кептелісі жиі орын алатын тұстарда асфальт жабынын қалпына келтіруге басымдылық берілген. Атап айтқанда, Республика даңғылы, Түркістан, Ә.Жангельдин, Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ю. Гагарин, Т.Рысқұлов, Қ.Рысқұлбеков, Анаров, Ә.Тәжібаев, Қапал батыр, Төле би, Ш.Ерманов, И.Тайманұлы, Сырым батыр, М.Бөлешов, О.Жандосов, Жібек жолы, Ж.Аймауытов, Ж.Адырбеков, Құрманбеков, А.Байтұрсынов, Қ.Қазиев көшелері мен №1 автомобиль жолы және Ордабасы алаңында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Айта өтсек, Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 977 шақырымды құрайды. Оның ішінде, асфальт-бетонды – 1 758 (59,1%), шағал тас – 1 107, (37,2%), топырақ – 112 шпқырым. (3,7%).