"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне сәйкес, мүгедектіктің кез келген тобына жататын азаматтар және мүгедек баланың ата-анасының бірі келесі жағдайларда мемлекеттік баж салығын төлемейді: • Қылмыстық істе азаматтық талап қою.
• Сот талқылауы.
• Нотариалдық іс-әрекеттер жасау.
• Азаматтық хал актілерін тіркеу.
• Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру.
• Автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру.
• Көлік салығы.
• Жер салығы.
Мүгедектікті растайтын құжатты көрсеткен кезде ғана салықтан босатуға болады.