Шымкентте "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды

Шымкентте "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды

ашық дереккөзі

 width= 2020 жылғы 18 тамызда республика аумағында басталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20 тамызда аяқталды. Аталған профилактикалық іс-шараның басты мақсаты қызмет көрсету аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу. Зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, сондай-ақ суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады. Шараға Криминалдық полиция, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Экстремизм, Тергеу, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қатысады.

Жүктелуде...