Шымкенттің 160 көшесінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Шымкенттің 160 көшесінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

– Қалада жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір қала көріктеніп, жолдар жақсарып қалды. Дегенмен, сапасына, алдағы уақыттағы төзімділігіне назар аудару керек. Тұрғындардың ұсыныс-пікірін, олар үшін қолайлылығын да ескеруіміз керек. Әлеуметтік желіде күн сайын жол мәселесіне қатысты шағымдарды қарап отырамын. Ондай кедергілер туындамауы тиіс. Барынша қауіпсіз, әрі сапалы жұмыс жасалуы қажет. Сонымен қатар, шет аймақтардағы тас жолдарға қатысты мәселені де ертерек шешу амалдарын қарастыру қажет. Біздің көшелер мегаполиске сай болуы керек, – деп атап өтті Мақсұт Исахов.Айта кетейік, қалада жол құрылысынан бөлек аялдамаларды жаңарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бүгінде 260 жаңа аялдаманың 133-і басты жолдарда орнатылуда. Сонымен қатар, қаладағы магистралді жолдарға веложолақтар салынып, қыркүйек айынан бастап Shymkent bike велосипедтері қайта іске қосылды. Қазіргі таңда жобада 160 велосипедтен құралған 40 велостанция қамтылған.