Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр

Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр

ашық дереккөзі

 width= Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымымен кездесуі кезінде белгілі болды. Техника ғылымдарының кандидаты, «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Бердияр Қалымбетов «Ақылды ауыл шаруашылығы» концепциясын дайындап жатқанын, жыл соңына қарай қала басшысының назарына ұсынатынын айтты. «Сіздің тапсырмаңызбен қала маңында «Ақылды ауыл шаруашылығы» деп аталатын мекеме құруды ұсынамын. Ол біздің университеттің ғалымдары жасап шығарған ең жаңа технологиялар мен цифрлы машиналардың барлық мүмкіндіктерін біріктіруі тиіс. Оның құрамында «Ақылды дала», «Ақылды ферма», «Ақылды жылыжай» және «Ақылды бау» деген бөлімшелер болады. Бұның әрбірі жеке-жеке жоба. Біз барлық 5 бағыт бойынша жұмыс істегіміз келеді. Жыл соңында осы концепцияны Сізге ұсынсақ, көріп, бекітіп беруіңізді және қолдау көрсетуіңізді сұраймыз», - деді ол.

Жүктелуде...