"Жалаңаштанғанның бәрі жаман емес": Роза Рымбаева болашақ келіні туралы айтты

26 Сәуір, 2019 816 0

NewsROOM+. Роза Рымбаева ұлдары жалаңаштанып жүретін қалыңдық алып келемін десе, оларды кеудесінен итермей тәрбиелейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz, Тalklike бағдарламасына сілтеме жасап.

Әнші ұлдарының жақсы, парасатты, білімді, ақылды жар таңдайтынына сенімді. Арасында әңгіме-дүкен құрған кезде де болашақ келіншектері жайлы айтқанда талғамдары жоғары екенін байқайды екен өнер иесі. «Тең теңімен, тезек қабымен» деген ұстанымдағы ұлдары да өздері сияқты еңбекқор жар кездескенін қалайтын көрінеді.

«Менің балаларым ондай қыздарды таңдайды деп ойламаймын. Мен Әлимен ақылдасқан кезімде «Ол адам маған қызық болуы керек. Мен қандай деңгейде еңбек етіп жүрсем, оның да өзінің қызықты дүниесі болғаны дұрыс, ол меннен мен одан үйренуім керек» деп айтқан еді. Бірақ олқылықтар мен артықшылықтарды мен ғана емес ұлдарым да көретін шығар», - деп үміт арттып, ұлдарына сенім білдірді.

Дегенмен, егер таңдаған адамдары көңілінен шықпаса, ұлдары жалаңаштанып жүретін қалыңдық алып келемін десе, тәрбие беріп, дұрыс жолға сілтейтінін жасырмады. Жалаңаштанғанның бәрі жаман емес дейді халық әртісі.

«Егер сахнада немесе өмірде жалаңаштанып жүрген қызды алып келіп тұрса, олардың бәрін жаман адам деп айтуға болмайды. Біраз тәрбиелеу керек, үйрету керек, білгенінен білмегені көп қой. Бәріміз жас болдық. Мен Тасқынға тұрмысқа шыққанымда, жұмыртқа қуырудан басқа ештеңе білмейтінмін. Солардың бәрін үйрендім», - дейді Роза Рымбаева.


Тегтер: РозаРымбаева, отбасы, той

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.