Жаңалықтар

Келестік депутат «Biz Birgemiz» акциясы аясында жерлестеріне көмек көрсетті

Келестік депутат «Biz Birgemiz» акциясы аясында жерлестеріне көмек көрсетті

Келес ауданынан сайланған Түркістан облыстық маслихатының депутаты, облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Жаңабай Ағабеков коронавирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп, «BizBirgemiz» республикалық қорына 1 млн теңге аударғанын бұдан алдын айтқан болатынбыз. Ал бұл жолы халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының үйлестіруімен туған жерін де назардан тыс қалдырмай «BizBirgemiz» акциясы аясында өз қаржысына Келес ауданындағы 200 отбасыға 1,5 млн теңгелік азық-түлік жіберіп, қамқорлық көрсетті. Нақтырақ айтсақ, себетке кіретін азық-түлік ішінде 200 қап ұн, 200 литр өсімдік майы және 500 келі күріш бар. Аталған азық-түлікті аудандық филиалдың бастауыш партия ұйымдары және​ «Jas Otan» жастар қанаты белсенділері мен Келес аудандық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары арқылы партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары негізінде аудандағы 12 ауыл округіндегі тұрмысы төмен, мұқтаж 200 отбасыға үлестіріп берді.