Шымкентте Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында актив отырысы өтті
Шымкентте Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында актив отырысы өтті

– Біріншіден, мемлекеттік басқару ісінде үлкен өзгерістер күтіп тұр. Өңірлер арасында мемлекеттік қызметкерлердің саны ең аз қала – Шымкент екенін ескере отырып, қысқаруды қиындықсыз ұйымдастырып, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруды тапсырамын. Екіншіден, Президент өңдеу өнеркәсібінің өсімін алдағы 5 жылда 1,5 есеге арттыру қажет екенін атап өтті. Сондықтан, қаладағы Бозарық қосалқы станциясының құрылыс жыл соңына дейін аяқтау қажет. Себебі қуат көздерінің тапшылығы бизнестің дамуына қол байлау болып отыр, – деген әкім бес басым бағытты атап көрсетті.Одан соң жарыссөзге шыққан қалалық мәслихаттың депутаты Төрайым Сұлтанова Жолдауда айтылған негізгі басымдықтардың бірі – кәсіпкерлікті қолдау мен медицина саласына қатысты тоқталды. Сондай-ақ, мінберге шыққан ҚР құрметті журналисі, ардагер Байдулла Қонысбек тиімді мемлекеттік басқару, атқарушы орган жұмысын ашық, әділ жүргізуі бойынша ойын бөлісті. Жиын соңында Мұрат Дүйсенбекұлы «күш – бірлікте» екенін атап өтіп, алдағы уақытта Президенттің тапсырмасын сапалы әрі нәтижелі атқаруда бірлесе ат салысуға шақырды.