Айдос Үкібай Twitter-де өз парақшасын ашты

25 Сәуір, 2019 693 0

NewsROOM+. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасы бар екенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі туралы ақпаратты барынша жедел таратуға тырысамын. Twitter-де өз аккаунтымды аштым», – деп жазды А.Үкібай Twitter-дегі парақшасында. 

Сонымен қатар ол бұл аккаунттың өзіне тиесілі екенін растады. «Бұл жерде сіздермен Елбасының қызметі туралы ақпаратпен, бірегей фотосуреттермен бөлісіп отырамын», – деді Айдос Үкібай. 




Тегтер: АйдосҮкібай, елбасы, баспасөзхатшысы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.