Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкент: егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналған

Шымкент: егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналған

Шымкент: егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналған
ашық дереккөзі
 width= Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің қатысуымен басқарманың атқарған жұмыстары мен Жолдау аясында жоспарланатын шаралары бойынша брифинг өтті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласында экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырды. Осы мақсатта қалада ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаланың ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 62,6 мың гектарды құрайды. Оның ішінде егістікке жарамды 39,5 мың гектардың 27,9 мыңы (70,6%) егілген. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артық, – деді А.Қаныбеков.
Басқарма басшысының айтуынша, қала аумағында қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 гектар жылыжай және 15 гектар қарқынды алма бау егу жобасы іске асырылған. Ал күзгі дала жиын терім жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель оты тауар өндірушілердің өтінімдеріне сай 190,6 тоннасы берілген.
Осы орайда игерілген егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналған. Олар – 14,2 мың тонна дәнді дақыл, 1,0 мың тонна майлы дақыл, 2,4 мың тонна картоп, 12,6 мың тонна көкөніс, бақша және 6,5 мың тонна мал азығы. Бұл күзгі егін жинау жұмысы қараша айына дейін толығымен аяқталады. Спикердің сөзіне сүйенсек, мал шаруашылығында ет 10,6 мың тонна, сүт 35,1 мың тонна, жұмыртқа 100,4 млн дана көрсеткішінде артығымен өндірілген. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 4 232,4 млн теңге субсидия бөлініп, есепті кезеңге қаралған қаржы толығымен жұмсалған. Нәтижесінде, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 млрд теңгеге артқан.