Шымкентте кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін мобильді топ құрылған
Шымкентте кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін мобильді топ құрылған
Шымкент қаласының прокуратурасы жанында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, «Nur Otan» қалалық филиалы мен қала әкімдігімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Мобильдік топ құрылған. Мобильдік топ арнайы уақыттарда кәсіпкерлермен кездесіп, кейде қабылдап, шақыртуларға барып түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Іс шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті ашуға және жүргізуге бағытталған жұмыстардағы қиындық туғызатын өзекті мәселелерді анықтау, нәтижелі шаралар қолдану болып табылады.
Қабылдау барысында кәсіпкерлікті ашуға, жүргізуге және оның қызметін тексеруге тыйым салынған мораторий талаптарына байланысты сұрақтар қаралды.
Алдағы уақытта, қала прокуратурасының құқық қорғау қызметтері орталығының ғимаратында тоқсан сайын кәсіпкерлердің құқықтарын сақтауға байланысты ашық есіктер, жеке қабылдаулар тұрақты түрде жүргізіледі.
Жеке қабылдауға жазылу үшін 8 (7252) 35-37-91 нөміріне хабарласуға немесе Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, №3 «Nur Otan» ғимаратына орналасқан Орталықта жазылуға болады.