ШҚО-да мекеменің 161 қызметкері соңғы жарты жыл жалақы алмаған

ШҚО-да мекеменің 161 қызметкері соңғы жарты жыл жалақы алмаған

ашық дереккөзі

 width= Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы  «Тұрғысын» гидроэлектр станциясының бір топ жұмысшысы шу шығарды. Өңірдегі жарық мәселесін толықтай шешеді делінген нысанның 161 қызметшісі соңғы 6 айда жалақы алмаған. Қарызға белшесінен батқандардың баспаған жері, бармаған тауы, көмек сұрап хат жазбаған органы қалмапты. Дегенмен бұл жағдайды облыс басшылығы мен арнайы еңбек инспекциясы бақылауға алған соң ғана бүгіннен бастап жұмысшылардың еңбекақы қарызы беріле бастаған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. -«Скажите, пожалуйста, какой у меня долг на сегодняшний день, в данный момент?» - «206 тысяч» Виктор Сеитов құрылысы 2013 жылы басталып, әлі де бітпеген «Тұрғысын» гидроэлектр станциясында төрт жылдан бері еңбек етіп келеді. Жұмысымды адал атқардым деген азамат стратегиялық нысан басшылығына өкпелі. Өйткені олар соңғы алты айда бір тиын да жалақы төлемепті. Осының себебінен де аудандағы дүкендерге үлкен сома қарыз.

 Виктор СЕИТОВ, «Тұрғұсын» гидроэлектр станциясының жұмысшысы: «Сәуірде қаңтар мен ақпан, наурыз айларындағы жұмысымыз үшін жалақымызды алдық. Бірақ соның өзінде айлығымыздың 25 пайызын қиып тастады. Неге екенін білмейміз. Сөйтіп, шілде айына дейін күн көрдік. Ал, одан кейін бірде-бір рет ақшамызды алмадық».
Виктор сияқты қарызын ала алмай жүрген 161 жұмысшы бар екен. Біршамасы электр станция кеңсесінің алдында жиналып, шағымын айтты. Олардың сөзінше, былық баяғыдан бар. «Жиналып, айқай-шу шығарсақ, ақшамызды береді, үнсіз қалсақ, ештеңе жоқ», дейді жиналғандар. Наталья Полторанина аталмыш ұйымдағы қызметінен осыдан екі ай бұрын кетсе де, жалақысын әлі алмаған.  Наталья ПОЛТОРАНИНА, «Тұрғұсын» гидроэлектр станциясының жұмысшысы: «Біз күйеміз екеуміз осы жерде істедік. Не ол, не мен айлығымызды ала алмадық. Бұл ұйым бізге 250 мың теңге көлемінде қарыз». Жеті жылдан бері жұмысы бітпеген нысан құрылысына «Сәулет ЛТД» атты мердігер компания жауапты болыпты. Ұйымға осы жұмыстарды тапсырған компания басшысы былай деді.  Ғалау БАЙМҰХАНБЕТОВ, «Тұрғысын-1» ЖШС тапсырыс беруші: «Біз бүгінде бұл компания есепшотына 6 миллиард 175 миллион теңге жібердік. Ал менде тек 25 миллион теңге қалды. Мен осы күндері өз ақшамнан гидроэлектр станцияға күзет қоюға мәжбүрмін». Бұл мәселеге облыстық әкімдік араласыпты. Олардың есебінше, жұмыс беруші 161 адамға 31 миллион теңге көлемінде айлық төлемеген. Енді оны өндіру үшін жеке сот орындаушылары іске тартылған.
 Бақытбек КИЗАТОВ, Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының Басшысы: «Сот орындаушы шараларын өткізді. Оның есепшотына тиісті 31 миллион теңге келіп түседі. Осы 2-3 күнде немесе аптаның аяғына дейін осы сома жұмыскерлерге толықтай төленетін болады».
Жұмысшыларға жалақы толық төленуін облыс басшысы мен арнайы еңбек инспекциясы бақылауға алған. https://youtu.be/zeY9LY4JoPI  

Жүктелуде...