Полицейдің айлығына 10 көлік, 3 үй, 5 пәтер алуға бола ма?

Полицейдің айлығына 10 көлік, 3 үй, 5 пәтер алуға бола ма?

ашық дереккөзі

 width= Бұл - маған қарсы жасалған арандатушылық! Семейдегі полиция басқармасының басшысы өзі туралы әлеуметтік желіде жарияланған фактілерге қатысты осылай деп мәлімдеді. Өзінің айтуынша, ол қарамағындағылардан ешқашан ақша жинамаған және қызметтен өз еркімен кеткен. Мақсат Зекенов  бұл  қадамға ұжымның абыройын ойлап бардым депті.  Естеріңізге салсақ,  фэйсбук желісінің қолданушысы анонимді  түрде полиция басшысын ай сайын 10 мың АҚШ долларына дейін қаржы жинайды деп айыптаған  еді.   Алайда,  айына 350 мың теңге айлық алатын  полицей өз мәлімдемесінде  шіріген байлығына қатысты тіс жармапты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл дау әлеуметтік желіде жарияланған мына посттан кейін басталған еді. Sl.Ashat есімді фэйсбук колданушысы өз парақшасында Семей  қалалық полиция бақармасының басшысы Мақсат Зекеновтың қарамағындағылардан ай сайын  ақша жинайтынын жазған. 3 мыңнан  10 мың  долларға дейінгі  соманы жерілікті  полицейлер қылмыскерлермен ауыз жаласып табады- мыс делініпті  шағымда. Салдарынан,  олардың үстерінен қозғалған қылмыстық істер де сотқа жетпей, жабылатын көрінеді.

Зекенов қызметке тағайындалған соң  автосалоннан өзіне  Тойота  Хайлюкс,  әйеліне  Тойота  Камри сатып алды. Сондай ақ, аңға шығу үшін деп арнайы тапсырыспен Тайота Прадо  көлігін алдырды. Биыл Алматыдағы атвосалоннан  570 Лексус айдап әкелді. Мұның бәрі полицейлерден жиналған ақшаға алынған дүниелер.  Әйтпесе, айлығы 350 мың теңге болатын полиция қызметкері 10 қымбат көлік,  үш зәулім үй,  Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 пәтерді қайдан алады? Sl.Ashat  есімді Facebook қолданушысының парақшасынан алынды.
Әлеуметтік желі түгілі, елді де  дүр сілкіндірген бұл оқиға облыс әкімінің құлағына жетті. Астанаға  өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы есеп беруге келген Даниял Ахметовты тілшілер осы мәселеге қатысты сұрақтың астына алған еді.
Даниал АХМЕТОВ  Шығыс Қазақстан Облысының Әкімі: «Фэйсбук желісінде жарияланған бұл материалдарды біз жіті тексереміз. Жуық арада  облыстық ішкі істер департаментінің  басқарма  басшысы мен Семей қалалық полиция басқармасының басшысы жұмыстан кетеді».
Әкімнің осы сөзінен кейін араға бірнеше сағат салып Семей қалалық полиция басқармасының басшысы Мақсат Зекенов қызметтен өз еркімен кету туралы арыз жазыпты. Құжатта «отбасылық жағдайларға байланысты» деген себеп көрсетілген. Артынша, Фэйсбуктегі  парақшасына  да жұмыстан  не үшін кеткенін нақтылап, пост жазды.
 «Мен мұны арандатушылық деп атаймын, себебі мұндай хабарламалардың заңды күші жоқ. Егер Семей қаласының тұрғындары менің қызметімді қаламызда жалғастырғанымды қаламаса, мен полиция басшысы қызметінен кетемін. Бірақ мен бұл қадамды ешқандай дәлелсіз жазылған анонимді хаттар үшін емес, тек тұрғындардың өтініші бойынша жасаймын. Құқық қорғау органдарында жұмыс істей беремін бе немесе зейнетке шығамын ба, оны ішкі істер жүйесі шешеді.» Мақсат ЗЕКЕНОВТЫҢ FACEBOOK  парақшасынан алынды.
Бұл мәселеге қатысты Семей қалалық полиция басқармасынан да, Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен де, тіпті  Ішкі істер министрлігінен де түсініктеме алу мүмкін болмады. Мүйіздері қарағайдай үш мекеменің  өкілдері ауыздарына құм құйылғандай, бізден ат-тонын ала қашты. Жалпы полицейлердің өз басшылығын "ақша жинайды" деп айыптауы бірінші рет емес.  Мұндай оқиғаның бірі  биылғы жылдың басында тіркелген еді. Қарағандылық екі жол сақшысы өз басшысына "кезекшілік сайын 30 мыңнан өткізіп тұрамыз" деп шағымданған. Алайда,  арнайы тексеру ұйымдастырып, бұл фактілерді теріске шығарған басшылық олардың өзін бәлеқор деп жазаға тартқан болатын. https://youtu.be/DjufrgKyHYM  

Жүктелуде...