15 жастағы қызға ғашық болып, 3 жылға сотталып кетті

15 жастағы қызға ғашық болып, 3 жылға сотталып кетті

ашық дереккөзі

 width= Ақтөбеде ойнап жүріп, от басқан студентке үкім шықты. Өзінен екі жас кіші қызға ғашық болған 17 жастағы жігіт 3 жылға сотталып кетті. Нұрасхан Тынымжанов үкімді онлайн тыңдады. Ал процеске жігіттің анасы, 15 жастағы сүйіктісі мен қыздың анасы келді. Полицияға шағым түсіріп, сараптама жасатқан да қыздың анасы болатын. Кейін студент жігітке «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабы бойынша айып тағылды. Прокурор Нұрасханды бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда, судья жазаны барынша жеңілдеткенін айтады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қиятбек МЫРЗАБЕКОВ, Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Судьясы: «3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР Қылмыстық Кодексінің 81-бабы, 8-бөлігіне сәйкес, Тынымжановқа жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесін орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтеу белгіленсін».  
Естеріңізге салсақ, ғашықтар биыл ақпан айында танысқан. Қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген дерінен екі жақтың ата-анасы да хабардар болады. Бірақ, үйленгісі келетіндерін айтқанда, үлкендер жағы мұны құптамайды. Бозбала мен бойжеткен сол үшін үйлерінен қашып та кеткен. Артынан қыздың анасы сараптама тағайындатады. Судья үкім шығарарда сотталушының кәмелет жасқа толмағанын, оқушы қыздың жақындарының кешірім беріп, бас бостандығынан айырмауын сұрағанын ескерген. https://youtu.be/udy_D9BDdqQ  

Жүктелуде...