Елімізден 5 млн теңгенің COVID-тестін заңсыз алып шықпақ болған
NewsRoom
Елімізден 5 млн теңгенің COVID-тестін заңсыз алып шықпақ болған
Қазақстан шекарасынан COVID-2019-ды анықтауға арналған тесттерді заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді, деп Newsroom+ақпарат агенттігі zakon.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қарашада шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты (SARSCOV-2 ANTIGEN RAPID Test KIT) анықтайтын 1000 тестті Қазақстаннан шығару әрекетінің алдын алды.
Ұсталған жүктің болжамды құны – 5 074 480 мың теңге.
Жүк БҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне табысталды.