Тұрсынбек Қабатовтың басындағы дау әлі де жалғасуда
Тұрсынбек Қабатовтың басындағы дау әлі де жалғасуда

"Бір қызығы ол тағы да 2019 жылы шыққан Cadillac Escalade жол талғамайтын көлігін айдаған және ол күлік Мөлдір Мұқановаға - Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне тиесілі", - делінген хабарда."Қызық, Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова да көмекшісінің жүргізуші куәлігі жоқ екенін білмеді ме әлде бұл кезекте басқа ақталу бар ма?" - деп сұрақ қойды басылым. Ал қайтыс болған ер адамның анасы тергеушілер заттай дәлелдердің бәрін жойғанын, істі жауып, жүргізуші жауапкершіліктен қашуы үшін қолдан келгенін жасағанын мәлімдеді. Өйткені ол Қабатовтың көмекшісі. Әйелдің айтуынша, тергеушілер Қабатовтың көмекшісін кінәсіз етіп шығарып, жол апатына оның баласын кінәлі етуге тырысып жатыр.