Тоқтар Серіков аруларға тізерлеп ұсыныс жасайтын жігіттерге қарсы шықты

25 Сәуір, 2019 611 0

NewsROOM+. Отандық эстрада жұлдызы Тоқтар Серіков қыздың алдында тізе бүгетін жігіттерге ренішін білдірді. Әншінің өзі жұбайының алдында тізерлеп тұрмақ түгілі, ешқашан кешірім сұрамағанын айтты. Бұл туралы ол "Ел аузында" бағдарламасына мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серіков арулардың алдында тізе бүккен жігіттерге кеңес берді.

"Қазіргі жастарға таң қаламын. Үйленбей жатып, жүзік тақса да, үйленейікші деп келісімге отыратын күні де тізерлеп отырады. Ер-азаматқа түк жараспайтын тірлік. Менің осылай жасап жатқан бауырларып ойлансын, керегі жоқ, есте қалатын дүние емес. Кейін өкініште қалатын дүниелер. Қыз баланың алдына тізерлеп бармасаң да, сөзіңді қабылдап тұр ғой", - деді ол.

Әнші осы уақытқа дейін жұбайы Бейбіт Сейдуалиеваның алдында тізерлеп тұрмағанын алға тартты. Ол, тіпті, жіберген қателіктері үшін кешірім де сұрамаған екен.

"Өмірі жеңгеңнің алдында тіземді бүгіп, дүние беріп, гүл сыйлап көрмеппін. Жеңгеңнің алдында менің қателіктерім көп болған. Жас кезімде. Жеңгең әлі күнге дейін ер-азамат сияқты бір кешірім де сұрамадың дейді.

Мен қателігімді кешірші деп кешірім де сұрап көрмеппін. Ол тік мінездік емес, еркекке тән қасиет болу керек. Әркім әйеліне қарап жасайды. Мысалы, менің әйелім менің еркелігімді де, қателігімді де түсіне білді", - деді Серіков.

Тегтер: ТоқтарСеріков, әнші, ұсыныс, той, үйлену

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.