Желі қолданушысы Динара Сәтжанға: "Сіз өз деңгейіңізді көрсеттіңіз"
Желі қолданушысы Динара Сәтжанға: "Сіз өз деңгейіңізді көрсеттіңіз"
Тележүргізуші Динара Сәтжан соңғы күндері әнші Меруерт Түсіпбаевамен дауласып жүргені белгілі. Әнші Динара Сәтжанды маска сатты деп айыптады. Тележүргізуші оған қарсы дау айтты.
Динара Сәтжан жұмысшыларына жалақы беру үшін маска тігіп сатқанын айтып ақталды. Ал, Түсіпбаева қиын кезеңде тегін тарататын маскадан ақша жасады деп қытығына тиген еді. Қазір екеуі достасқанға ұқсайды. Бұл туралы Динара Сәтжанның өзі айтты.
"Меруерт ханыммен телефон арқылы сөйлестік. Арамыздағы реніш басылды. Ол мені ренжіткісі келмегенін айтты. Кіммен болмайды мұндай нәрсе, оны түсінемін", - деп жазды тележүргізуші парақшасында.
Бұны Динара Сәтжанның желідегі қолданушылары қабылдай қоймады.
"Мен БАҚ-та жұмыс істеп жүргенде телефон арқылы ауыр сөз айтқан еді. Кейін хабарласып, кешірім сұрады. Адам шын көңілден кешірім сұраса, бәрі ұмытылып кетеді", - деп жазды желі қолданушысының бірі.
"Осы Меруертке не жоқ екен, өзінің әріптестеріне жасаған хайптан басқа түгі жоқ. Я бір жаңа әні жоқ жаңа клипі жоқ. Өзі жасаған дүниесін мақтан етіп жасаса, өзі үшін жасайды адам. Өзінің ит тірлігімен кімді түземекші", "Меруерттікі әшейін, "Атың шықпаса жер өртененің"-кері ғой. Түсіндің бе, Динара?", "Сіз осылайша өз деңгейіңізді көрсеттіңіз", "Меруерттің де айтқаны орынды, маска сатып ақша табу деген бассыздық", - деп жазды желідегі оқырмандары.