
Кешіріңдер мені. Бірақ басқаша айта алмаймын, деп жазба қалдырған Аманбол Мусаұлының бұл ойы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
⠀
Осы не әдет?
⠀
Қайда барсаң да, кіммен сөйлессең де бәрінің айтары осы. Бір әзіл болсын, өз міні болсын қазақты бетперде қылып алып сөйлейді.
⠀
«Біздің қазақтар сондай ғой.» «Қазақ жүрген жер сол», «Қазақпыз ғой, ондай-ондай болып тұрады.» «Қазақтар сондай», «Қазақтар андай» …. Бұл тізімді ұзағынан созып кете беруге болады.
⠀
Ей, папасының баласы-ай сен кім едің сонша?
⠀
Қай жеткеніңмен, не жетіскеніңмен «қазақтар» деп сөйлейсің?
⠀
Неге сен боққа жарамайтын ойларыңды «біздің қазақтар» деп бастайсың?
⠀
Не бітіріп, қазаққа мұрныңды тыжырайтып, төбесінен қарап тұрғандай сөйлейсің? Не еңбегің сіңді қазаққа? Не тындырдың қазақ үшін?
⠀
Естеріңде болсын бауырлар. То есть есімізде болсын.
⠀
Қазақ ешкімнің байлаулы иті, еншілеп алған малы, асырап алған қол баласы емес. "Қазақтар" дегенде сәл ойланып сөйле. Миыңды советтен қалған сасық боқтан тазала. Төменге түс көке.
⠀
Қазақ ол тек сен және мен емес. Қазақтың ішінде Абай бар, Әлихан мен Ахмет бар.
⠀
Осылардың үстінен "қазақтар" деп сөйлейтін кім едің?
⠀
Мыжыма ойыңды айтқың келе ме? «менің ойымша» деп айт. Кемшілігің бар ма жалпы қазаққа жаппа, «менің кемшілігім" деп сөйле.
⠀
Бәлкім не айтып тұрғаныңды, қалай айтып тұрғаныңды өзің де байқамайтын шығарсың.
⠀
Өтініш. Біз олай сөйлемейікші. Мен олай сөйлемейін.
Өзімізді қазақтан биік емес, ҚАЗАҚты өзімізден жоғары қойып үйренейікші.
⠀
Агрессия үшін кешірім сұраймын. Просто кейбірінің "біздің қазақтар" деп сөйлегендерің төбеме жетті