Атырауда мектеп мұғалімі гипоаллергенді сабын өндіреді

Атырауда мектеп мұғалімі гипоаллергенді сабын өндіреді

ашық дереккөзі

 width= Қазіргі уақытта Мақат кентіндегі №76 Л.Шахатов орта мектебінің химия пәні мұғалімі Марфуға Ағынова сабынның бірнеше түрін шығарумен айналысады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш мектепке биыл ғана жұмысқа орналасқан жас маманның сабын жасаумен айналысып келе жатқанына бір жылға жуық уақыт болыпты.

 width=

Оның айтуынша, өнімді күнделікті тұрмыста иіс сабын ретінде пайдалануға болады.

- Сабынды дайындау барысында табиғи өнімдерді пайдаланамын. Мәселен, лимон – денеге балғындық, құрамындағы С дәрумені ағзаға нәр береді. Екінші түрі ақжелкен қосылған сабын. Оның құрамында көптеген дәрумендер топтамасы бар. Ақжелкенді кептіру арқылы жасалған сабынды жаңа туған нәрестеден бастап, кез келген жастағы адам қолдануға болады. Ал, өнімге хош иіс беру үшін эфир майын қосамыз, – дейді химия пәнінің мұғалімі Марфуға Ағынова.

Жүктелуде...