
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 20-турында елордалық «Астана» қызылордалық «Қайсардан» басым түсті, деп
Newsroom+ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Астана» қатарынан төрт ойында жеңіске жете алмай келе жатқан болатын. Сол сәтсіздіктер сериясын бүгін тоқтатты . Ойынның 25-минутында елордалық Марин Томасов есеп ашса, оған 31-минутта қызылордалық Максим Федин бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде Пиерос Сотириу екі мәрте мергендігімен көзге түсті. Алдымен 61-минутта гол соқса, 73-минутта есепті үстемелей түсті.
Осылайша «Астана» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бүгінгі жеңісінен кейін елордалық клуб 27 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Аталған турда бүгін тағы төрт ойын өткізіледі. Қазір бірінші кезеңнен кейін «Қызылжар» мен «Ордабасы» 0:0 есебімен тең түсіп жатса, «Тараз» «Каспийден» 0:1 есебімен жеңіліп жатыр. Ал «Шахтер» мен «Жетісу», «Оқжетпес» пен «Тобыл» арасындағы ойындар елорда уақытымен 18:00-де басталады.