Жарнамасы көп әкімдер неге жарнамасы жоқ Тұрымовтан үлгі алмайды?

Жарнамасы көп әкімдер неге жарнамасы жоқ Тұрымовтан үлгі алмайды?

ашық дереккөзі

 width= Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндамасынан бастап, барлық сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді. Әкімнің мемлекеттік тілде сөйлеп, орыс тіліндегі сұрақтарға да қазақша жауап бергені туралы әлеуметтік желіде түрлі пікір айталы бастады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Облыс әкімінің тек қазақша сөйлегені туралы ақын әрі журналист Аслан Қаженов Facebook-тегі парақшасында жағымды жазба қалдырған.

100 пайыз қазақша сөйлеген әкім. Орысша сұрақтарға да мемлекеттік тілде жауап берді. Қазіргі таңда өте сирек кездесетін жағдай, - дейді автор.
Дәл осы жазбаның астына журналист Алмас Алтай:
Былтыр да сүйтіп еді. Бірақ, пиары аздау әкім. БАҚ- пен байланысы да төмендеу, деген пікір қалдырған.
Шынымен де, елімізде жарнамасына үлкен қаржы бөлетін әкімдер бар да, мүлде жарнамасы жоқ, алайда халықтың көңілінен шығатындары бар. Біздің өзге облыс, қалалардағы әкімдер, шенеуніктер неге Серікбай Тұрымовтан үлгі алып, баяндамасын тек мемлекеттік тілде жасамасқа?!

Жүктелуде...