Алтынай Жорабаева Түркиядан 3 бөлмелі пәтер сатып алды

Алтынай Жорабаева Түркиядан 3 бөлмелі пәтер сатып алды

ашық дереккөзі

 width= Әнші Алтынай Жорабаева шетелден баспана сатып алды. Енді танымал жұлдыздың Аланияда пәтері бар, деп Newsroom+ақпарат агенттігі KzNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жұлдыз Instagram парақшасында Түркиядан үйлі болғанын айтып сүйінші хабарын жеткізді. Бірі қуанса, енді екіншілері шетелге көшеді деп уайымдап жатыр. Осы орайда ол алып-қашпа әңгімелердің нүктесін қоюды жөн санады. «Алла ұлық! Алла ұлық! Барлық мақтаулар мен мадақтар тек Аллаға ғана тән. Түркия елінен, Алания қаласынан, теңіздің жағасынан 7 жұлдызды KINGDOM PREMIUM Тұрғын үй кешенінен 2+1  ( 3 бөлмелі) пәтер сатып алдық. Үй Алла бұйыртса 2022 жылы желтоқсан айында салынып біткенше бөліп төлейміз. Әр қазаққа жұғысты болсын! Демалуға келіп тұрамыз Алла қаласа. Басқа уақытта жалға беріп, ақша табуға болады», – деп жазды Жорабаева.

Жүктелуде...