Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орында

Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орында

ашық дереккөзі

 width= SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index (BBI) жариялаған тізімде айтылады, - деп  Newsroom+ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Дереккөз мәліметінше, Масктың байлығы 127,9 миллиард долларға жетіп, бір жыл ішінде 100,3 миллиард долларға өскен, бұл BBI-де рекордтық жылдық өсім екен. Билл Гейтс болса үшінші орынға түсіп қалды, оның капиталы 127,7 миллиард долларға бағаланады. Ал бірінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос тұр, оның байлығы шамамен 182 миллиард доллар екен. Сондай-ақ, әлемдегі ең бай бес адамның қатарына Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно мен Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг кірді.

Жүктелуде...