Отандық көліктердің бағасы 17 пайызға қымбаттаған

Отандық көліктердің бағасы 17 пайызға қымбаттаған

ашық дереккөзі

 width= Көлік сату қиындап кетті. Басқасын алу үшін де біраз терлеуге тура келеді. Темір тұлпардың құны көкке ұшып тұр өйткені. Өзгені айтпағанда, өзіміздің отандық көліктердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға қымбаттаған. Қазір орташа құны 7,5 млн теңге, ал импорттық машиналардың бағасы орташа есеппен 14 млн теңгеге бірақ жеткен. Қымбатшылық неге қыспаққа алды? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Қазір көлік сату мұңға айналды. Сатқан күннің өзінде жаңасын алу үшін біраз жүгіруге тура келеді. Аслан секілді. Соңғы бағаңыз қанша болады?  Ағасы былай ғой, мен оны қарыздың орнына алған кезде, Лексус орталық 6.8 млн деп бағалап берді. Мен көлікке 150 мың теңге салдым. Оны да ескеру керек.  Аслан АҒЫБАЕВ, қала тұрғыны: «2013 жылғы акценттер, киа-риолар бізде 4 млннан жоғары тұрады нормальный состояниямен. Ал Ресейдің програмасынан қарағанда біздің теңгеге шаққанда рубльдан 2 млнға жақсы акцент или рио алып келесің. Бірге бір қосылған біздің жақтыкімен  басқа елге қарағанда». Доллар аспандап, инфляция өсіп, пандемия да бұл тұрғыда бағаның шарықтауына үлесін қоспай қоймайды. Мамандар осылай дейді. Мәшиненің жайлысын іздеп табанынан таусылған автосүйер қауым бұлай жалғаса берсе, көліктің құны пәтер бағасымен теңесе ме деп қорқады.  Аслан АҒЫБАЕВ, қала тұрғыны: «Салонға бардым мысалы. 7 млнға акцент тұр.  Почти 7 млн. Ал 7 млнға мысалы қаланың сыртынан 1 комнаталы үй алуға болады.  Бізде салондардың өзінде қымбаттап тұр да машина». «ҚазАвтоПром» мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда көлік 17 пайызға қымбаттаған. Отандық зауыттан шыққан өнімдердің орташа бағасы 7,5 миллион теңге болса, импорттық тұлпарлар шамамен 14 миллионға саудаланып жатыр. «Ескі көліктер қазір қымбат шарап секілді. Жыл өткен сайын бағалануда». Қазақстан автомобилистер одағының төрағасы көлік нарығындағы картинаны осылай сипаттап берді.  Эдуард ЭДОКОВ,  Қазақстан автомобилистер Одағының Төрағасы: «Қайбір жылдары Қазақстанға жылына 300 мыңға дейін сырттан мінілген бірақ күйлі көліктер кіргізілетін. Қазір ол жоқ. Мысалы АҚШ та 7-10 жыл мінілген күйлі көліктің құны 5 мың доллар тұрады десек, бізге әкелінсе  оның тек утилизациялық алымы ғана  5-7 мың долларға шығады. Оған көліктің құнын қосасыз, 12 мың доллар, және валюта курсының айырмасы бар, сонымен баға удай болып шыға келеді». Бұрын 7-10 жыл тебілген жаңалау көліктерді Ресей, Армения, Қырғызстаннан мініп кеп жүрдік. Соңғыларына қатысты қандай шу шыққаны есімізде. Елде құрастырылатын көліктерге сұранысты қалай да қамтамасыз ету керек болды. "Бірақ бұл - халыққа жасалған қиянат", - дейді автоблогер.  Олжас ОҚАС, Автоблогер: «Жаңа көліктің 30 пайыз құны утилизациға енгізілген. Яғни өндіруші қаншалықты арзан сатқысы келсе де  оның бағасының ішінде утилизация алымы тұрғандықтан ол төмендете алмайды. Қазақ халқына жасалған үлкен қиянат деп ойлаймын. Үйткені утиль алымның бағасы тым жоғары. Өзімізден шыққан машиналарға сұраныс жоқ емес, жеткілікті. Тоғыз айда көлік сатып алғандардың 70 пайызы отандық зауыттардың өніміне тоқтаған. Тек дағдарысқа байланысты автосалондар жеңілдетілген несиені уақытша кейінге шегеріп отыр. Оны субсидиялауға бөлініп келген қаражат 21-ші жылдың мамырына дейін болмауы мүмкін-мыс. Мұны отандық автобизнес қауымдастығы ауызша растады. Бірақ бұл жайсыздықты жыр деп отырған жоқ ешкім. "Көктемге дейін кредит кезегіне тұрғандар қазірдің өзінде бірнеше мыңнан асып жығылады", - дейді мамандар.

Жүктелуде...