Мембағдарламамен берілген үйдің сапасы сын көтермейді

Мембағдарламамен берілген үйдің сапасы сын көтермейді

ашық дереккөзі

 width= Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында берілген тұрғын үйден шу шықты. 56 пәтерлі баспанада коммуналдық мәселелер шаш етектен. Жылу мардымсыз, көгілдір отын мүлдем жоқ. Соның кесірінен тұрғындар үйдің ішін арнайы қондырғымен жылытуға мәжбүр. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Гүлмира ҚҰРМАНБАЕВА екі немересін күнде осылай қалың киіндіріп ойнатады. Себебі, үйдің іші салқын. Жылу мардымсыз болғандықтан, еден тас суық. Екі кішкентайы тоңып қалмас үшін, қабат-қабат киіндіруге тура келеді. Гүлмира ҚҰРМАНБАЕВА, қала тұрғыны: "Пол мұздай, балалардың бәрін мынандай етіп қомыт-қомыт киіндіріп қоямыз. Аяқтарына қомыт-қомыт киіндіріп қоямыз. Енді бала емес пе, шешініп тастайды. Сәл күн жылынса, үйге күн түседі. Үй күн жағында тұрған соң, мына көлеңке жағында тұратын балаларға жүдә обал". Астана шағын ауданындағы 82-ші үйдің барлық пәтерінде осы жағдай.  Әсіресе, терезе жақтауларынан жел соғып тұр. Әйгерім АРЫСТАНОВА, қала тұрғыны: "Үйіміздің суықтығынан міне, терезелерімізден уілдейді. Тереземіздің бәріне мақта тығып былайынан, скточты сыртынан жапсырып тастап жатырмыз. Амал жоқ басқа, терезеден суық ұрып жатыр". Мынау мұздай су бізде. Ағып тұрғанын қараңыздар. Осындай болып ағып тұрады. Бұл бүгіннен кейін, воскресенье кешке дейін өстеміз. Жылыту мүлдем жоқ. Өшіріп тастаған. Мына видеоны осы үйдің тұрғыны жіберді бізге. Көпқабатты баспанада су жиі-жиі тоқтап қалады екен. Жоғары қабатқа мүлдем су бармайды, дейді. Соның кесірінен өздері түгілі, бала-шағаларын жуындыра алмай әлекке түскен. Ақсүйрік ХАМЗА, қала тұрғыны: "Керекті органның барлығына хабарластық. Бір-біріне сілтейді. Ана жаққа барсақ, біз жауапты емеспіз мына жаққа барыңыздар, мына жаққа барсақ, біз жауапты емеспіз мына жаққа барыңдар дейді. Біздер тіпті, сандалып кеттік осы жерге келгенде қыс ауасында". 56 пәтерлі тұрғын үй жастарға жалдамалы баспана ретінде биыл қаңтарда үлестірілген еді. Көшіп келгенде үй жылы болатын дейді тұрғындар. Жаңа жылыту маусымы басталғалы оңбапты. Сондықтан, жылуға жауапты мамандарды көргенде, жылап жіберуге шақ қалды. Жылу беру компаниясы өкіліне арызданып тұрған сәт Тоқ пеш қосамын тамақ істеуге, балаларым бірінен кейін бірі ауырып жатыр.Сіздің де баларыңыз ауырса, көрер едім қандай болатыныңызды. Дегенмен жылумен қамтамасыз етуші мекеме өкілі көпқабатты тұрғын үйге жылу жеткілікті деңгейде беріліп тұрғанын айтады. Тек, пәтерлерге жылу тарататын су айдау және сорғыш құрылғысы істен шыққан. Оны кепілдік мерзімімен мердігер алмастырып беруі шарт екен. Асқар БӨЛЕШОВ, Жылумен қамтамасыз ету мекемесінің бөлім Басшысы: "Қазір, КСК демей, бөлшектемей Қуатжылу орталығы тарапынан барынша атқару жұмыстарын жүргіземіз. Абонетке жылуды жеткізу жұмысын жүргіземіз. Құдай қаласа уәде беремін, жүргізіп беремін". Осы күні тұрғындар жертөлеге жылудың қай деңгейде жеткізіліп жатқанын көрді. Маманның айтуынша, орталық қазандықтан 70 градуспен берілетін жылу соңғы нүктегі 68 градус ыстықпен келіп тұр екен. Егер әлгі құрылғыны жаңасымен алмастыратын болса, барлық пәтерлерге жылу беріледі. Ал, көгілдір отын мен электр жарығына қатысты сұрақтар әзірге басы ашық күйінде қалды. Тиісті мекемелер ресми жауап қатқан жоқ. https://youtu.be/yNTrFfegyKg

Жүктелуде...