СҚО-да сертификацияланбаған дәрі-дәрмек сатылып келген

СҚО-да сертификацияланбаған дәрі-дәрмек сатылып келген

ашық дереккөзі

 width= Солтүстік Қазақстан облысының ПД арнаулы қызметі есірткі айналымы, психотропты дәрмектер сатудың заңсыз жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық "Дәрмек" операциясын жүргізу барысында Петропавл қаласының бір дәріханасынан сертификацияланбаған дәрі-дәрмектің 56 түрін сатып отырған бір дәріхананы анықтады, деп Newsroom+ақпарат агенттігі   Egemen.kz. интернет-редакцияға сілтеме жасап хабарлайды. Жедел қызметкерлерге бұл дәріхананың сертификацияланбаған дәрі-дәрмек сататыны туралы ақпарат түскен. Ақпарат тексерілгенде ашықтан ашық жоғарыда аталған көлемдегі сертификацияланбаған дәрі-дәрмек өткізу анықталған. Жедел қызметкерлер барлығы 2800 дана дәрі пластинкаларын тәркілеген. Мұндай заңсыздық үшін 130-дан 200 АЕК-ге дейін айыппұл төлеу қарастырылған. Қазір іс шара қолданатын өкілетті органға дайындалу үстінде.

Жүктелуде...