«Егемен Қазақстан» басшылығы тұңғыш рет аймақтық медиа-холдингпен Меморандумға қол қойды

24 Сәуір, 2019 711 0

NewsROOM+. Егемендігіміздің айнасы болып есептелетін «Егемен Қазақстан» басылымының басшылығы мен бірнеше ақпарат құралдарының басын қосқан «Атырау- Ақпарат» медиа- холдингі арасында Меморандумға қол қойылды.

Бұл Ата газет тарихында тұңғыш рет орын алып отырған жағдай. Бұған дейін Бас басылымның басшылығы аймақтық ақпарат көздерімен рәсімделген әріптестік туралы уағдаластыққа қол қоймаған көрінеді деп, хабарлайды «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Ысқақ Егембердиев.

 Айтуынша, меморандумның мақсаты тараптар арасындағы ынтымақтастық пен берік байланыс орнату, өзара тәжірибе алмасу, аймақтық медиа кеңістікте сапалы контентті арттыру.

-Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөліне айрықша ден қойып отыр. Сөз жоқ, бұл құжат аймақтық БАҚ одан әрі дамытуға сеп болары айқын. Осы ретте ынтымақтастыққа ұйытқы болған Бас басылымның басшысы Дархан Қыдырәлі мырзаға назар аударғаны үшін айрықша алғыс айтқым келеді,- деді өз сөзінде Ысқақ Егембердиев.

Дереккөз: ATPress.kz

Тегтер: ЕгеменҚазақстан, меморандум, басылым

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.