Индер ауданындағы сиырлар неден қырылды?

Индер ауданындағы сиырлар неден қырылды?

ашық дереккөзі

 width= Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат округінде жайылымда сиырлар өліп жатыр, деп Newsroom+ақпарат агенттігі ATPress.kz  ақпараттық ресурсына сілтеме жасап хабарлайды. Өткен аптада Жарсауат аулы тұрғындарының малы жайылыста өле бастапты. Осы мәселеге орай сайт тілшісі Жарсуат селолық округі әкімі Әлиполла Балахметовпен тілдескен еді. - Он шақты бас сиыр малы өлгені рас. Жарсуат селолық округіне қарасты Бесқыстау деген учаскеде «Асыл-Агро» ауыл шаруашылығы кәсіпорны 10 гектар жерге картоп пен жуа еккен. Картобын жинап алған, ал жуасын толықтай жинамаған, әлі піспеген күйі қалған. Егістік қоршауын да жинап алыпты. Бұл учаске негізі малдың суаты болып есептеледі. Себебі, осы маңайда Құрайлы сай каналы бар. Жекеменшік мал осында жиі жайылатыны да сондықтан. Оның үстіне, таяуда ауа-райы күрт салқындап, пияз үсіп кетіпті. Былайша айтқанда, сиырлар үсіген пияз жеп өлді. Бұл туралы тиісті орындарға хабар жіберілді. Айта кетуіміз керек, қазір ауырып тұрған тағы 10 бас сиыр бар. Айығып кеткендері де жоқ емес. Бүгінде «Асыл-Агро» қызметкерлері, кештеу болса да, үсіген пиязды толығымен орып кетті. Бұл оба немесе әлдебір белгісіз індет емес! Қазіргі жағдай қалыпты, тұрақтанып келеді, – деді бізбен тілдескен округ әкімі Әлиполла Балахметов.

Жүктелуде...