
Елімізге танымал актриса Әлия Әнуарбек жұбайының қазасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, 17 қыркүйек күні белгілі актрисы Әлия Әнуарбектің жары қайтыс болған еді. Бұл туралы марқұмның досы, дизайнер Гүлжан Аркен:
«Көмек қолын соза алғанымызда ғой, шіркін, бірақ сен ешкімге салмақ түсіргің келмей, нағыз жауынгердей соңына дейін күрестің, жеңіп шығарыңа сенімді болдың», – деп жазды.
2014 жылы 14 маусымда шаңырақ көтерген Әлия Әнуарбек пен марқұм Азаматтың ортақ қыздары да бар. 6 жыл бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешкен қос жұпты ажал айырып әкетті. Қарсы келер шама бар ма?
Тақырыпқа сай: Танымал актриса Әлия Әнуарбектің жары қайтыс болды
"Туған күніне орай Азамат жайлы айтып берейін. Жігіттің көлік есігін ашып, қолын беруіне қалай қарайсыз? Азамат өте романтик еді. Ол анасына, әпкесіне, маған және қыздарына өте мейірбан еді. Жұмысында керісінше қатал, салмақты болды. Достары арасында көңілді жүретін. Ең қиын деген келіссөздерді жүргізіп, жақсы нәтижеге жететін. Балалардың тілін тез табады. Өзгенің балаларын да тез жұбатып, өз балалары секілді қарайтын. Имам көңіл айтуға келгенде оның мешітке тұрақты түрде көмектесіп жүргенін білдім. Мен өзімді тас қамалдың ішінде отырғандай сезіндім. Ол менің қорғаным еді. Мені көп нәрсеге үйретті. Менің ең бірінші ақылшым еді. Біз ешқашан ұрысқан емеспіз. Тату тұрдық. Ол тамақты ерекше дәмді әзірлейді. Достары арасында өзі ғана кәуәп жасайтын", - деп жазба қалдырды марқұмның жары. Өнерден де жолы алыс емес жұбайының жақсы жақтарын еске алып жазған бұл жазба көптің көңілін түсіріп, оқырмандары актрисаны пікірлері арқылы жұбатуда. Күйеуінің рэп оқып, ән шығаратынын да жасырмаған.
"Оған менен қарағанда сен шығармашылық адамсың деп айтушы едім. Ол жас кезінде рэперлер арасындағы қазақстандық бэтлді ұтып алған. Ән шығарып, рэп оқитын. Өмір сүруге, сүюге асықты. Маған әлемдегінің бәрін көрсеткісі келді. Бәріне асықты. Сен бәрін жасап үлгердің, сүйіктім. Сен артыңнан үлкен із қалдырдың. Көп адамның жүрегінде қалдың. Өзің көмектескен адамдардың есіндесің. Достарың мен менің жүрегімдесің", - деп жазды Әлия Әнуарбек. Інжу ӨМІРЗАҚ