Қазақ каскадері Жайдарбек Күнғожинов "Таурус" сыйлығын алды

Қазақ каскадері Жайдарбек Күнғожинов "Таурус" сыйлығын алды

ашық дереккөзі

 width= Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі, трюктерді қоюшы, каскадер Жайдарбек Күнғожинов әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Таурус» сыйлығын алды, – деп  Newsroom+ақпарат агенттігі  OTAU.INFO порталы сілтеме жасап хабарлайды. Ол каскадерлік «Оскар» деп аталатын бұл беделді сыйлыққа үміткерлер тізіміне режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасында жасаған жұмысы үшін енген болатын.

«Біз үшін, Nomad Stunts командасы үшін бұл өте маңызды және құнды марапат. «Таурус» сыйлығы жыл сайын әлемнің үздік экшен-мамандарына беріледі. Біздің фильм Қазақстан тарихында алғаш рет осындай жоғары бағаға ие болғанын мақтан тұтамыз», – дейді Жайдарбек КҮНҒОЖИНОВ.
«Таурус» – Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) сыйлығы. Бұл жыл сайын әлемнің үздік каскадерлері, қоюшылары мен экшен-мамандарын марапаттайтын беделді сыйлық.  width= Айта кетейік, «Томирис» – «Таурус» сыйлығына ұсынылған алғашқы толықтай қазақстандық кинокартина. Ал Жайдарбек Күнғожинов үшін бұл екінші номинация. 2017 жылы қазақстандық жігіт Ресейдің «Викинг» картинасында трюктер қойғаны үшін әлемдік каскадерлер академиясы сыйлығының шорт-парағына түскен. Алайда ол кезде марапат немістің «Кобра арнайы отряды» телехикаясына берілген.  

Жүктелуде...