Телефонын таксиде түсіріп алған қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

05 Маусым, 2018 1148 0

Қарағандыда полицияға жалған ақпарат беріп, біреуге жала жапқаны үшін 22 жастағы қызға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облыстық ІІД таратқан мәліметке сәйкес, қыз мас күйінде таксиде телефонын түсіріп алған. Қыз құқыққорғау органдары жоғалған телефонды іздемейді деп шешіп, «такси жүргізушісі оған күш көрсетіп телефонды тартып алды» деп полицияға шағымданған.

Қарағанды облыстық ІІД тексеру барысында қыздың жалған ақпарат бергенін анықтаған. Қыздың үстінен «Жала жабу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәсі дәлелденсе ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

«Қамшы» сілтейді

 

Тегтер: қарағанды, такси, қыз, қылмыс, оқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.