Тәуелсіздік пен Тұңғыш президент күні: халық желтоқсан айында 11 күн демалады

Тәуелсіздік пен Тұңғыш президент күні: халық желтоқсан айында 11 күн демалады

ашық дереккөзі

 width= Қыс мезгілінің алғашқы айында Қазақстан халқы екі мерекені тойламақ. Бірі ҚР Тұңғыш президент күні болса, 16 желтоқсан азаттық алған атаулы күн. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. ҚР Тұңғыш президент күні сейсенбі күнге түсіп тұр. Қазақстандықтар сейсебі күні және кезекті сенбі-жексенбі 5,6,12,13 күндері демалады.

"ҚР Тұңғыш президенті күні" туралы қандай деректерді білеміз? 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98% дауыс жинап, жалпыхалықтық сайлауда алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті боп сайланған болатын. Басқа елдің боданында талай ғасыр болған, ата-баба аңсаған азаттыққа қол жеткізгендегі дәл осы сәт ел есінде, тарих тағылымында қалары анық. 10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында президентті ұлықтау рәсімі өтті. Нұрсұлтан На­зарбаев республиканың көпэтносты халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге, Қазақстан Республикасының пре­зидентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді. Елбасымыздың сындарлы саясаттағы сара жолы отыз жыл ішінде ел боп қалыптасуымызға үлкен септігін тигізді.  Қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында да демалады. Сәрсенбінің сәтті күніне ең маңызды, мәнді мерекелеріміздің бірі -  Тәуелсіздік күні түсіп тұр. 17 желтоқсан күні мерекеге орай демалыс болса, 18 желтоқсан қазақстандықтар жексенбі күнінің орнына демалыс алады. 19 желтоқсан сенбі, 20 желтоқсан жексенбі күні жұмыс режимі басталады.

Тәуелсіздік - тұғырымыз

Орда бұзар отыз жыл ішінде қандай қарекет еттік? Егемендігімізге қол жеткізгеніміз - біздің ең алғашқы жетістігіміз. Қазақ халқының ертеңгі таңының ашық болуын, қараңғыда қалған қалың қазағын күн нұрына бөлеп, құрдымға кеткен ана тіліміздің қасиетті жалынын қайта жағып, сергелдеңге түскен дініміз бен діліміздің жолында қаншама жас құрбан болды. Өткенімізге көз жүгіртіп, бүгінімізді дәріптемесек тәуелсіз ел атты ұғымымыздың барынан не қайыр? Өз елінің тарихын білмеген адам жетесіз. Өткен мен бүгін... Осы екі сөздің астарында үлкен ой саларлықтай дүние бар. Тәуелсіздік жолында марқұм болған аға-әпкелерімізді құрметтеп, жыл сайын еске алып тұруымыз бүгінгі ашық аспанымызға шүкіршілік ретінде саналады. Қазіргі таңда егемендігіміздің арқасында еліміз біраз белестерді бағындырып, көптеген асулардан асып, шыңға шығуда. Елдігіміздің куәсі, көк аспанымыз бен күн нұрыннан құралған, еркін қанат қаққан қыран құсы бейнеленген құдіреті шексіз туымыз- тәуелсіздігімізді ақтайтын нақты дәлел.

Жыл соңы

2020 жылды аяқтайтын 26-27 күні сенбі-жексенбі демалыс күндері. Желтоқсан айы бойынша халық 11 күн демалады.

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жүктелуде...