Бейіт "бизнеске" айналды ма?

Бейіт "бизнеске" айналды ма?

ашық дереккөзі

 width= Ақтөбеде бейіттің дауы басылмай тұр. Осыдан үш жыл бұрын қала маңындағы зираттар сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Уақытша жалға алған жеке компания жерлеу үшін «әкесінің құнын сұрады» деп өре түргелді. Араға үш жыл салып, қорым мәселесі тағы көтерілді. Халықтың бұл жолғы базынасы қандай? Қоғамдық кеңестің бастамасын әкімдік қолдай ма? Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 2017 жылы әкімдік қала аумағындағы 50 қорымды жеке компанияларға берді. 5 жыл бойы сенімгерлікпен басқаратын болды. Кейін жетеуін қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына қайтарды. Жекенің басқаруына берген себебін әкімдіктегілер қорымдарды күтіп ұстауға жылына 150 млн теңге қаражат керек, ал ол бюджетке үлкен салмақ деп түсіндірген еді. Бірақ, тұрғындар компаниялар бақылауына алғанымен, жағдайдың жақсарып кеткені шамалы деп отыр.  Жолдыбай ІЗБАҒАМБЕТ, қала тұрғыны:  «Жеке беру, әрине, дұрыс емес. Неге? Жекеге берген уақытта акимат келіп халықпен ақылдасуы керек. Ақшаны алып алады, квитанция береді. Мола бар, соған апарып қой дейді, болды! Ал ол білгенін істеп кеткен. Көріп тұрсыңдар ғой. Еш контроль жоқ. Ақшаны алып алады, жөніне кетеді!». Бейітті бақылауына алған жеке компаниялар бағаны да өздері белгілейді. Оған әкімдіктегілер араласа алмаймыз деп отыр. Себеп  бәсекелестік орта. Алайда, қоғамдық кеңестің өкілдері бұл әлі де өзекті мәселе екенін айтты.

Абай САҚТАҒАНОВ, Қалалық әкімдік жанындағы қоғамдық кеңес Төрағасы: «Өзіміздің қоятын талабымыз - қазіргі күні мысалға алсақ, ең төменгі жалақы - 42500 теңге. Сондықтан, 42500 теңге алатын адам мынадай қиын жағдайда өзінің жақын адамын жер қойнына тапсыра алмағанда өте ауыр болатынын білеміз. 120 мың деп отырмыз, ол жерде 500 мың сұраса да береміз, қарызға алсақ та, өйткені, ол біздің саудаласатын тұсымыз емес. Сондықтан, жұртты дәл осындай әлсіз тұстарда пайда көрулері наразылығымызды тудырады».
Қоғамдық кеңес төрағасы Абай Сақтағанов тұрғындар тарапынан бейіт маңының тазалық мәселесі, оны күтіп-ұстауға қатысты көп сұрақтар қойылатынын жеткізді. Сондықтан, қорымдар аумағын әуеден бақылау туралы ұсыныс айтқан. Мирас ӘЖІБАЕВ, Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Басшысының орынбасары:  «Консервацияға жабылып қалған зираттар, солардың арасымен жүрмей, дронмен үстінен қараған және ішінде жаңадан жерленген жерлер болса, белгілі болады, солар дронмен қаралады». Қалалық әкімдіктегілер бейіттер сенімгерлік басқаруға берілгенімен, қызметін қадағалайтындарын айтып сендірді. Егер компания жүктелген міндетті атқара алмаса, келісім-шартты үземіз дейді. https://youtu.be/BLWhw1e__u0

Жүктелуде...