Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

4 жыл өтті: Әлемді тамсандырған Мұрат Кинтонов туралы не білеміз?

4 жыл өтті: Әлемді тамсандырған Мұрат Кинтонов туралы не білеміз?

4 жыл өтті: Әлемді тамсандырған Мұрат Кинтонов туралы не білеміз?
ашық дереккөзі
 width= Осыдан 4 жыл бұрын АҚШ-тың Флорида штатының Лодердейл-бич қаласында ардагерлер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтті. Чемпионат қазақстандық дзюдошы Мұрат Кинтоновтың Әлем чемпионы атануымен есте қалған болатын.

Әлем чемпионаты туралы

2016 жылдың 18-21 қараша күндері АҚШ-та дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Отандық құрамадан бәйгеге 11 дзюдошы қатысты. Әлем чемпионатының екінші күнінде Мұрат Кинтонов қарсыластарын иппонмен жеңіп, 100 келі салмақ бойынша Әлем чемпионы атанды. Сол жылғы әлем біріншілігінде 63 елден 999 дзюдошы бақтарын сынады. Қазақстан құрамасынан 11 дзюдошы қатысып, ел қоржынын медальмен толтырды. Ал командалық есепте 42 медальмен Франция көш бастап тұр. Олар – 17, алтын, 11 күміс және 14 қола медаль иеленді. АҚШ құрамасы 40 медальмен (12+7+21) – екінші орында.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 қола медальға ие болды. Осылайша отандық құрама 63 ел ішінде 20-орынмен Әлем чемпионатын сәтті аяқтады.

Мұрат Кинтонов кім?

Мұрат Кинтонов республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол - қазақ күресі бойынша «Қостанай қыраны» атағының иегері, Азия чемпионы, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Кинтонов өзінің еңбек жолын Арқалықта бастады. Онда дзюдодан жаттықтырушы болды. Кейін Арқалық қаласы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Kіші Отанына қолдау көрсету мақсатында Қостанай облысының тумаларымен қарым-қатынасты нығайту үшін 2018 жылдың 11 сәуірінде Мұрат Кинтонов Арқалық қаласына оралды. Сол кезде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 60 оқушысына 2 жаттығу өткізді. Спорт мектебінің жаттықтырушылары үшін жас спортшылардың психофизикалық мәселелері бойынша жеке мастер-класстар ұйымдастырды. Өз саласы бойынша әлемді мойындату ғана емес, туған жеріне пайдасын тигізу де спортшының басты мақсаты еді.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату