Өгей әкесі кәмелетке толмаған қызын 4 жыл бойы зорлап келген

Өгей әкесі кәмелетке толмаған қызын 4 жыл бойы зорлап келген

ашық дереккөзі

 width= Павлодарлық өгей әке кәмелетке толмаған қызын төрт жыл бойы зорлаған. Оның бұл қылмысы тек биылғы көктемде ғана әшкере болды. Мұндай бассыздыққа шыдамаған  бүлдіршін өзіне қол салмақ болған. Абырой болғанда, бір ажалдан аман қалған. Сотта күдікті кінәсін мойындамай, өзін толығымен ақтауды талап етті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлан АЙТБАЕВ, Облыстық арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың Судьясы: "Қылмысты бірнеше қайтара  және мас күйде жасағаны үшін азамат Н.  23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын максималды қауіпсіздік шаралары сақталған колонияда өтейтін болады".
Сондай-ақ, судья сот-сараптама орталығының қызметкерлеріне де сотталушыға қатысты химиялық кастрация қажеттілігін зерттемегені үшін жеке қаулы шығарды. https://youtu.be/X-M0bFNRed4

Жүктелуде...