Биыл ана өлімі көбейіп кетті

Биыл ана өлімі көбейіп кетті

ашық дереккөзі

 width= Биыл елімізде аналар өлімі көбейіп кеткен. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш  13 есе, Қызылорда өңірінде 9 есе, ал Шымкентте 7 есе артты. Марқұм болғандардың арасында жүкті келіншектер де бар. Ал жағдайы ауыр келіншектерге көмектесу үшін  «Ахуалдық акушерлік орталығы» құрылып, жұмыс істеуде. Жағымсыз статистиканың артуына не себеп? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Елімізде өткен жылға қарағанда ана өлімі көбейген. Мұның негізгі себебі келіншектердің коронавирус жұқтырып алуында. Мәселен, былтыр  8 айда 36 әйел қайтыс болса, осы жылдың  қаңтар-тамызында 131 келіншек бақиға аттанған. Қайғылы жағдайлардың көбі Ақтөбе және Қызылорда облыстары мен Шымкентте болған. Марқұм болған әйледердің 40-ы ковидтің құрбаны екен.

«Осы жылдың 3-тоқсанында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар  санының күрт өсуіне байланысты ана өлімі де артты. Бүгінде жағдай тұрақты. Соңғы екі айда коронавирус инфекциясынан жүкті әйел қайтыс болған жоқ».   ҚР Денсаулық сақтау  Министрі Алексей ЦОЙ
Ана өлімінің көбеюі Президенті де алаңдатып отыр. Жуырдағы жиында Мемлекет басшысы бұл фактілердің әрқайсысын тексеруді тапсырған болатын. Ал жалпы пандемия басталғалы  5423 әйел ковид жұқтырыпты. Бүгінде олардың  97 пайызы құлан таза айыққан.  Ал жағымсыз статистиканы шығыс өңірі бастап тұр.  Асқар ХОРОШАШ, ШҚО Денсаулық сақтау Басқармасының өкілі: «Өңір бойынша 180 жүкті әйел коронавирус жұқтырған. Бұл - пандемия басталғалы бері есептегендегі көрсеткіш. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыста жаңа туған 14 нәрестенің ПТР-тест нәтижесісі оң болып шықты. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, барлық тексерулер нәрестенің дүниеге келген алғашқы күнінде жасалады» Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін «Ахуалдық акушерлік орталық» ашылған. Онда тәулік бойы жағдайы ауыр келіншектерге көмек көрсетіледі. "Бүгінде 3 жүкті ананың халі нашар дейді" орталық мамандары.  Ғұмырбек АҒЫБАЕВ,  Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы Төрағасының орынбасары: "Осы 10 күн бойында біз 210 ұшақпен 210 көмек көрсеттік. 258 медициналық. Оның ішінде 488 акушерлік, ауырып жатқан екі қабат әйелдерге 488 әйел. Біреуінің жағдайы қатты ауыр. Екеуінің жағдайы ауыр хәлде десе де болады,  қалыпты жағдайда". Елдегі эпиджағдайға қарамастан, бэбибумның оң серпіні байқалады. Мәселен, биыл  бала туу көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға артқан. Нәтижесінде дүинеге келген сәбилердлің саны былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көбейіпті. https://youtu.be/iLS1gKtbaI4

Жүктелуде...