Көкшетаулық өрт сөндірушінің суреті көпшіліктің жүрегін елжіретті

24 Сәуір, 2019 996 0

NewsROOM+. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің Instagram желісіндегі парақшасында құтқарушының суреті пайда болды. Сурет жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.

Өрт сөндірушінің өртті сөндіргеннен кейінгі суреті. Көкшетаулық құтқарушылар тұрғын үйдегі өртті сөндіріп, екі адамды аман алып қалды», - дейді суреттің авторы. 

Аз уақыт ішіндегі суретке қатысты көптеген желі қолданушысы пікір қалдырды. Олар суреттің жүректі елжірететінін және философиялық мәні бар екенін айтып жатты. 

«Сурет тосыннан түсірілген. Сондықтан осыншама шынайы болып шыққан», «Батыл адамдар. Олар күнде адамдардың өмірін құтқарып, қарымын қайтаруды сұрамайды. Олар барлық марапатқа лайықты», «Қауіпті әрі ауыр жұмыстарыңыз үшін рахмет!» - деп жазды пікір қалдырушылар. 

Тегтер: ақмолаоблысы, құтқарушы, өрт, көкшетау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.