"Ақ Жол" сайлауға кандидат етіп әйел адамды шығармақ

24 Сәуір, 2019 504 0

NewsROOM+. ҚР Президенттігіне үміткер атанатын ең алғашқы әйел "Ақ жол" партиясының өкілі, мәжіліс депутаты Дәния Еспаева болмақ. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Еспаева Дәния Мадиқызы 1961 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Тұрмыс құрған, екі баласы бар.

Алматы есеп-кредит техникумын бітірген (1982), Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген, Алматы қ-сы, (1993) (мамандығы "Экономист").

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі (08.2008, 2012-2016 қайта сайланды), "Ақ Жол" партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат (05.02.2016), "Ақ Жол" партиясынан VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап).

"Құрмет" ордені (2011); Медальдары: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, "Үздік қаржыгер".

Тегтер: сайлау, президент, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.