Карантин: бас санитардың қаулысы жарияланды

Карантин: бас санитардың қаулысы жарияланды

ашық дереккөзі

 width= Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның Нұр-Сұлтандағы карантин туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Барлық ұйым мен кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 70%-ін қашықтан жұмыс істеу түріне көшіруі тиіс. Қаулыға сәйкес, астанада ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу) өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және тағы басқаларға сол күйі тыйым салынған. Үш адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салынды. 65 жастан асқан адамдарға қала және қоғамдық орындарда жүріп-тұруына шектеу қойылды. Міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат етіледі. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке және 5 адамнан аспайтын топпен далада жаттығу жасауға болады. Меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйым, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 70%-і қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшірілуі тиіс. Қалалық қоғамдық көлік жұмыс және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Ал жексенбі күндері тоқтайды. Тамақ жеткізу мен авто-экпресс штатты режимде жұмыс істейді.

Жүктелуде...