Тоқаев: Министрлік менингитпен күресте сылбырлық танытып отыр

05 Маусым, 2018 1099 0

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менингитке қатысты пікір білдірді. Спикердің сөзінше, министрлік менингитпен күресте сылбырлық танытып отыр деп хабарлайды newsroom.kz.

"Менингит инфекциясымен күрестің қазіргі жағдайы сын көтермейді. Осы профильдегі министерлік батыл қадамға бара алмай, кешірілмейтін сылбырлық танытып отыр. Парламент сенаты үкіметтегілерге сауал жолдайды", - деп жазды ол Twitter парақшасында.

Kassym-JomartTokayev@TokayevKZ

Еске сала кетейік, 5 маусымда кешкісін тағы бір адам менингиттен қайтыс болды. Ол Талдықорғанның 17 жастағы тұрғыны болып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде менингококк инфекциясынан 12 адамның қаза болғанын мәлімдеген еді.

 

Тегтер: тоқаев, министрлік, сын, денсаулық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.