Жамбыл облысында болған апатқа байланысты автобус жүргізушісі тұтқындалды

23 Сәуір, 2019 586 0

NewsROOM+. Жамбыл облысында апатқа ұшыраған жолаушылар автобусын тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап

Қордай маңында орын алып, 11 адамның өмірін жалмаған ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автобус жүргізушісі 20 сәуірде тұтқындалған. Сол күні ол күдікті ретінде танылып, жасаған әрекеті ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына (Көлік басқарған адамның екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы тәртібін немесе көлікті пайдалану ережесін бұзуы) сәйкес бағаланыпты. 

22 сәуірде Қордай аудандық соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Сонымен қатар Toyota Camry көлігінің жүк көлігімен соқтығысып, 30 жастағы әйелдің көз жұмуына қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес іс қозғалған

Тегтер: жамбыл, авария, жүргізушы, сот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.