Мемлекет басшысы балаларға қатысты өте маңызды жазба жариялады

Мемлекет басшысы балаларға қатысты өте маңызды жазба жариялады

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы дүниежүзілік балалар күніне орай еліміздегі бала құқығына аса қатты мән беру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Балалардың білім деңгейін көтеріп, құқығын қорғап, денсаулығын сақтап, жақсарту міндет екенін атап өтті.

​«Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет», – деп жазды ТоқаевTwitter-парақшасында.

Өткенге шолу

1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Конвенция - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция тұрғысынан, 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Заң 9 - тарау, 53 - баптан тұрады. Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенцияда: 1.Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді; 2.Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; 3.Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы; 4.Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқылы емес; 5.Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ; 6.Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; 7.Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; 8.Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; 9.Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; 10.Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. Қазақстанда қабылданған 2002 жылғы декларацияның 26 бабында бала құқығы туралы былай делінген:  1. Бастауыш білім баршаға міндетті ал техникалық және кәсіптік білім - көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек. 2. Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне, сондай - ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке достыққа ықпал етуі тиіс. 3. Ата - аналар балалары үшін білім беру түрін таңдауға құқықты. 4. Қазақстан Республикасының азаматтары тегін орта білім алуға міндетті. - Әрбір баланың жақсы оқып, сабақта өмірге қажетті жаңа және пайдалы білімдерді беріп отыруға құқығы бар. Құқық - адамның міндеті де болып табылады. - Құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған. Өкінішке қарай, биыл жарты жылда елімізде 125 бала зорланып, 14 бүлдіршін көз жұмған. Көбі тұрмыстық зорлық зомбылықтың құрбандары. Асыранды балалардың көрген қорлығы мен жетімдер үйіндегі бассыздықтарға қатаң жаза қолданыла ма? 2020 жыл 30 сәуір күні жантүршігерлік қылмыс тіркелген болатын. Өгей әке 4 жасар қызды өлімші етіп сабағаны әшкереленді. 46 жастағы ер адамның қылмысы дәлелденсе, 7 жылға сотталаты туралы ақпарат хабарланды. Дәл осы секілді жағдаяттар біздің мемлекетте өте көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бала құқығын қорғау туралы қабылдаған бұл шешімі құйтырқы әрекеттерге шектеу боларына сенім білдірейік.

Інжу ӨМІРЗАҚ

   

Жүктелуде...