Ине арқылы бала саны мен жынысын анықтауға болатынын білесіз бе?
Ине арқылы бала саны мен жынысын анықтауға болатынын білесіз бе?


«Негізі сенбейтін едім. Нумерология деген нәрсеге дініміз қарсы ғой. Бірақ қызық екен. Сенбеске амал қалдырмайды»,- көп балалы ана.2. Болашағына алаңдайтын 18 жастағы қызға да неше баласы болатыны қызық екені рас. Эксперимент кезінде 4 ұл, 2 қыз шықты. Тұңғыш перзенті ұл бала. Ине оңнан солға қарай төрт рет қозғалды. Кейін автоматты түрде шеңбер бойымен жүрді.
«Өзім бұрыннан ұлым көп болса екен дейтін едім. Арманым орындалатын секілді».3. Бір баласы бар ана да біздің эксперименттің қонағы болды. Бір қызығы бұрын 2 рет түсік боп, кейін құдайдан тілеп алған баласы екен. Бастапқыда ине қай жағына айналарын білмей тұрған соң, қайтадан жасадық. Сол кезде тек бір-ақ рет оңнан солға қарай қозғалды.
«Менің екі рет ауырып, түсік болғанын білген болар. (күліп)».Нумерология ілімінің бір тармағына жататын болжамға сеніп, сенбеуіңіз өзіңізге байланысты. Жазылған дәйек пен көрсетілген дәлел жаратқаннан күшті емес. Бойға бітер, жатырға жатар баланың саны Аллаға аян. Ал бұл жай ғана эксперимент.
Інжу ӨМІРЗАҚ