Қостанайда ескі ғимараттың ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

23 Сәуір, 2019 734 0

NewsROOM+. Қарасу ауданындағы бұзылған ғимараттардың ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы hola news сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

«Баланың анасы арбада отырады. Жүкті әйелдер тізімінде болмаған. Аула аралап тексеру кезінде ол жүктілігін айтпаған. Сәбидің денесі табылған соң анасы анықталып, ол тиісті емдеу шараларынан өтті»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер сәби 2019 жылғы 28 наурызда көз жұмғанын растап отыр. Қазір осы факт бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер: қостанай, нәресте, ғимарат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.