Жаңалықтар

Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жек күні белгіленді

[caption id="attachment_34228" align="alignnone" width="2000"] width= Gennady Golovkin, of Kazakhstan, boxes during a workout Tuesday, June 4, 2019, in New York. Golovkin faces Steve Rolls, of Canada, in a middleweight bout on Saturday. (AP Photo/Mark Lennihan)[/caption] Қазақстандық танымал боксшының промоутері Эдди Хирн IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин мен Камил Шеремета жекпе-жек өткізетін күнді жариялады. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та Сан-Антониода Alamodome залында поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп Newsroom+ақпарат агенттігі    Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Эдди Хирн мұндай ақпаратты БАҚ өкілдеріне растап, жақын күндері жекпе-жек ресми түрде жариялануы мүмкін екенін жеткізді. Айта кетейік, бастапқыда Головкин-Шеремет жекпе-жегі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда алдымен Геннадийдің жарақатына, кейіннен COVID-19 пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге шегерілді. Ал бұған дейін DAZN стримингтік қызметі тек GGG-мен қаржылық шарттар туралы келісуі керек деп хабарлаған.