weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытайда мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды

Қытайда мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды

Қытайда мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
 width= Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері айтты, - деп Newsroom+ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Дереккөз мәліметінше, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте әкелініп, тоңазытқышқа салынған. Жалпы салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1313 блогынан коронавирус табылып отыр. Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр. Бұған дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған болатын. Еске салайық, мұның алдында 20 елдің азық-түлік пакеттерінен коронавирус анықталғаны хабарланған еді.