СҚО-да ұшақ «у шашып жүр» деген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

СҚО-да ұшақ «у шашып жүр» деген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандықтар мессенджерлерде "химиялық трейлердің дәлелі" деп жаңа видео таратып жатыр. Бұл жолғы видео Солтүстік Қазақстан облысында түсірілген делінеді, - деп  Newsroom+ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Басылым мәліметінше, кадр 2012 жылғы желтоқсанда түсірілген және YouTube желісіне жүктелген. Якутскіде Ту-204 ұшағы түсірілген. Ол кезде ауа температурасы минус 45 градус болған. https://youtu.be/75_Bl0I2GQ0 Ұшақтың артынан созылып жатқан із инверсиялық немесе конденсациялық деп аталады. Ол ылғал, тамшы немесе мұз кристалдары араласқанда пайда болады және атмосфераның кейбір күйінде ұшатын аппарат қозғалып бара жатқанда шығады, деп түсіндірді басылым. Әдетте бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында байқалады, бірақ ауа температурасы төмен болса, аса биік емес жерлерде де көрінеді.    

Жүктелуде...