Қытай коронавирусқа байланысты Қазақстанмен шекарада тексеру шараларын қатаңдатты
Қытай коронавирусқа байланысты Қазақстанмен шекарада тексеру шараларын қатаңдатты

"Мұның барлығы жүктерді кең табанды вагондардан тар табанды вагондарға уақытылы қайта тиеуді қамтамасыз ете алмауға алып келді. Осы жылдың 15 қарашасынан Қазақстаннан келген пойыздарды қабылдау тәулігіне 15-16 пойыздан 10-11 пойызға дейін қысқарды. Осыған байланысты Қазақстан темір жолы желісі бойынша Қытай бағытына тиелген вагондар (10 мың вагоннан астам) саны артты, 6,5 мың вагонның қозғалысы тоқтатылды", - деп мәлімдеді ҚТЖ-Жүк тасымалынан.Қытаймен шекарадағы қиындықтарға байланысты Қазақстан темір жолы тиісті шаралар қабылдады. Осы жылдың 23 қарашасынан 30 қарашасына дейін Достық-Алашаңқай түйіспесі арқылы Қытай бағытына, жұмыркесек үшін жартылай вагондар мен контейнерлерден, биг-бэгтердегі жүктерді қоспағанда, өзге жүктерді тиеуге тыйым салынды. Бұдан бөлек, 24 қарашадан 4 желтоқсанға дейін жүк контейнерлерін қоспағанда, өзге транзиттік жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. ҚТЖ жағдай өзгерген кезде бұл тыйым шаралары алынып тасталатынын хабарлады.